Бақдос Олжабай Alash Pride турнирінде қырғызстандық файтерді жеңді
Қазақстандық файтер Бақдос Олжабай (8-1) Alash Pride турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алматыдағы шарада 24 жастағы Бақдос қырғызстандық Еділ Есенқұловпен (4-4-1) кездесті. Жеңіл салмақтағы (66 келі) айқас үш раундқа да созылып, төрешілер шешімімен Олжабайдың пайдасына шешілді.
Осылайша, қазақстандық жекпе-жек шебері мансабындағы сегізінші жеңісіне қол жеткізді. Олжабай соңғы рет Бушидо Гран-приінде 2019 жылдың желтоқсан айында жұдырықтасқан еді. Ол бір кеште төрт жекпе-жек өткізіп, Гран-при финалына дейін жетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или