«Авангард» - «Барыс» матчының тікелей трансляциясы
«Барыс» хоккей клубы ҚХЛ аясында сырт алаңда «Авангард» командасымен кездеседі, деп жазады Prosports.kz.
Бұл кездесуге қос команда да көтеріңкі көңіл-күйде келіп отыр. Әсіресе «Барыс» соңғы 8 ойынның жетеуінде жеңіске жетті. Соңғы екі кездесуде «Куньлунь» (2:1 ОТ) мен «Торпедоны» (3:2 ОТ) жеңді. Ал «Авангард» соңғы ойында «Куньлунь» (5:1) командасын ірі есеппен ұтты.
«Авангард» Шығыс конференциясында 36 матчта 51 ұпай жинап, турнирлік кестеде 2-орынға жайғасқан.
Ал «Барыс» Шығыс конференциясында 8-орында тұр. Елордалықтар 34 ойында 39 ұпай ғана жинаған.
«Авангард» – «Барыс» матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де басталады. Ойынды Qazsport телеарнасынан көруге болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или