Хорхе Масвидаль қазақтың қалпағын сыйға алды
Қазақстан Республикасы Ұлттық ММА федерациясының құрметті президенті Айдар Махметов әйгілі америкалық файтер Хорхе Масвидальге (35-14) қазақтың ұлттық бас киімін сыйлады, деп жазады Prosports.kz.
Махметов Масвидалмен есте қаларлық кездесу туралы Instagram желісіндегі жеке парақшасында мәлімдеді.
«UFC супер-жұлдызы Хорхе Масвидальге қазақтың бас киімін (бурик) сыйладдық», - деп жазды ол.
Ал өз кезегінде Хорхе Масвидаль барлық қазақстандық ММА жанкүйерлеріне құрметін білдірді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или