NFC 27 турнирі 24 желтоқсанға ауыстырылды

NFC 27 турнирі 24 желтоқсанға ауыстырылды

Алматыда өтетін NFC 27 турнирінің уақыты өзгерді, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы промоушеннің баспасөз қызметі хабарлады.Жаңа датаға сай, аталған кеш 24 желтоқсанда Алматыда көрерменсіз өтеді. 

Кештің басты жекпе-жегінде 56 келіде M-1 Global уақытша чемпионы Асу Алмабаев өнер көрсетеді. Алматыдағы турнирде Алмабаев қырғызстандық Алманбет Абдывасыұлымен кездеседі. Бұл жекпе-жекте 56 келіде NFC чемпионы атағы сарапқа салынады.

Ал кештің негізгі жекпе-жегінде қазақстандық Мурад Абдурахманов бразилиялық Серджио де Соузамен кездеседі. Бұл кездесу жартылай ауыр салмақ (93 келі) дәрежесінде өтеді.

Айта кетейік, Алматыдағы NFC 27 турнирінің серіктесі 1XBET компаниясы. Сондай-ақ, турнирдің тағы бір серіктесі UNO сауда маркасы.

<h4>NFC 27 турнирінің толық карды жарияланды</h4>

<h4>АСА 115: Егембердиев «үздік нокауты» үшін сыйақы алды</h4>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или