Кайрат Ахметов ONE: Collision Course II турниріне қатысады

Кайрат Ахметов ONE: Collision Course II турниріне қатысады

Қазақстандық файтер Қайрат Ахметов (23-2) кезекті жекпе-жегінің күнін анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осылайша, 33 жастағы Ахметов 25 желтоқсанда Сингапурде өтетін ONE: Collision Course II турнирінде өнер көрсетеді. Алдағы іс-шарада «Қазақ» лақап атымен танымал жерлесіміз кореялық 33 жастағы Дэ Хван Киммен (15-6) кездеседі.

Қайрат 4 желтоқсанда Сингапурда өтетін ONE Big Bang турнирінде өнер көрсетеді деп жоспарланған, қарсыласы Дэнни Кингад  болуы керек еді. Бірақ іс-шарадан бір апта бұрын Кингадтың командасы турнирден шығарылды, өйткені жекпе-жек секундтарының бірінің COVID-19-ға тапсырған сынамасы оң нәтиже көрсеткен.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или