DAZN Головкиннің келесі жекпе-жегіне қарсыластар ұсынды
DAZN стримингтік қызметі орта салмақтағы қазақстандық чемпион Геннадий Головкиннің кезекті жеңісінен кейін жанкүйерлерге жүгінді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Твиттерде DAZN Boxing Сауль «Канело» Альварес, Деметриус Андраде, Джермалл Чарло, Билли Джо Сондерс және Хайме Мунгия бейнеленген коллаж жариялады. «Сіз GGG-дің келесі қарсыласы ретінде кімді көргіңіз келеді?» - деп жазылған.
Who do you want to see @GGGBoxing fight next? pic.twitter.com/oSBwC4gX6Z
— DAZN Boxing (@DAZNBoxing) December 19, 2020
Естеріңізге сала кетейік, жекпе-жектен кейін Геннадийдің өзі екінші орта санатта WBA Super және WBC әлемдік титулдары үшін ертең Техаста жекпе-жек өткізетін Сауль «Канело» Альварес - Каллум Смит жұбының жеңімпазымен жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или