«Барыс» түздегі ойындар сериясына аттанған ойыншылар тізімін жариялады
«Барыс» ХК-нің баспасөз қызметі өз сайтында ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында түздегі ойындар сериясына (Мытищи - Нижний Новгород - Балашиха) аттанған ойыншылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қақпашылар: Генрик Карлссон, Сергей Кудрявцев, Йони Ортио.
Қорғаушылар: Джэсси Блэкер, Тамирлан Гайтамиров, Самат Данияр, Даррен Диц, Алекс Линтуниеми, Алексей Маклюков, Леонид Металников, Валерий Орехов, Диллон Хетерингтон, Егор Шалапов.
Шабуылшылар: Павел Акользин, Әлихан Әсетов, Филип Вароне, Линус Виделл, Кертис Волк, Дмитрий Гренц, Якоб Лиля, Никита Михайлис, Максим Мусоров, Кирилл Панюков, Егор Петухов, Антон Сагадеев, Роман Старченко, Мэттью Фреттин, Дмитрий Шевченко.
19 желтоқсан - «Куньлунь Ред Стар» - «Барыс» матчы
21 желтоқсан - «Торпедо» - «Барыс» матчы
23 желтоқсан - «Авангард» - «Барыс» матчы.
Фотосурет: «Барыс» ХК.