«Кімді кінәларымды білмеймін». Әшкеевтің менеджері оның алғашқы жеңілісі жайлы ойын айтты

«Кімді кінәларымды білмеймін». Әшкеевтің менеджері оның алғашқы жеңілісі жайлы ойын айтты

Мадияр Әшкеевтің (14-1, 9 КО) ісін жүргізетін менеджер Эгис Климас қазақстандық боксшының мансабындағы алғашқы жеңілісі туралы пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz.

«Кімді кінәлау керектігін де білмеймін ... Пандемия, қарсылас, төрешілер, промоутерлер, комментаторлар (олар өте қорқынышты еді), боксшының өзін, менеджерлерді, жаттықтырушыны немесе өзге кімді? Немесе тек 2020 жылды», - деп жазды Климас Instagram парақшасында.

Еске сала кетейік, Қазақстан уақытымен 18 желтоқсан таңертең Мадияр Әшкеев америкалық Чарльз Конвэллден (14-0, 11 КО) жеңіліп қалды. 32 жастағы қазақстандық боксшы кәсіпқой рингтегі алғашқы жеңіліске ұшырады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или