NFC 27 турнирінің толық карды жарияланды

NFC 27 турнирінің толық карды жарияланды

Қазақстандық промоушеннің баспасөз қызметі алдағы NFC 27 турнирінің толық кардын жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Аталған кеш Алматыда 25 желтоқсанда көрерменсіз өтеді. Турнирдің онлайн трансляциясы Naiza Fightingt Championship Youtube арнасында көрсетіледі.

Кештің басты жекпе-жегінде 56 келіде M-1 Global уақытша чемпионы Асу Алмабаев өнер көрсетеді. Алматыдағы турнирде Алмабаев қырғызстандық Алманбет Абдывасыұлымен кездеседі. Бұл жекпе-жекте 56 келіде NFC чемпионы атағы сарапқа салынады.

Ал кештің негізгі жекпе-жегінде қазақстандық Мурад Абдурахманов бразилиялық Серджио де Соузамен кездеседі. Бұл кездесу жартылай ауыр салмақ (93 келі) дәрежесінде өтеді.

Негізгі кард аясында жартылай орта салмақта (77 келі) өнер көрсететін Николай Самусев қырғызстандық Ильяс Шыңғысбекұлымен жұдырықтасады. Сол салмақта Магомед Кабардиев Баймурат Ниязовпен кездеседі. Екі файтер де Қазақстанның намысын қорғайды. Негізгі кардтың алғашқы жекпе-жегінде Әділбек Қайырғали өзбекстандық Бахромджон Машраповпен кездеседі.

NFC 27 турнирінің серіктесі - 1XBET.

NFC 27 турнирінің серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі.

NFC 27 турнирінің серіктесі - UNO сауда маркасы.

АСА 115: Егембердиев «үздік нокауты» үшін сыйақы алды

ACA 115 турнирінің үздік сәттері. Видео

Евгений Егембердиев ACA 115-те Люк Барнатты нокаутқа түсірді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или