АСА 115: Егембердиев «үздік нокауты» үшін сыйақы алды

АСА 115: Егембердиев «үздік нокауты» үшін сыйақы алды

13 желтоқсанда Мәскеуде өткен ACA 115 турнирінде қазақстандық файтер Евгений Егембердиев Люк Барнатті нокаутпен жеңді, деп жазады Prosports.kz.

Ал кеше ұйымның баспасөз қызметі аталған кештің бонустарын жариялады. Евгений Егембердиевтің нокауты үздік деп танылды.

Үздік нокаут үшін «Метис» 10 мың доллар сыйақы алды. Дәл осындай сома «кеш жекпе-жегі» және «үздік сабмишн» аталымдары бойынша жеңімпаздарға берілді. Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, алғашқы кардында өткен Руслан Магомедов - Дмитрий Побережец кездесуі турнирдің ең үздік жекпе-жек атанды.

«Үздік сабмишн» аталымы бойынша бонус қазақстандық файтер Нұрсұлтан Қасымхановты жеңген  Алихан Сулеймановқа бұйырды.

Ал Арен Акопян, Биберт Туменов, Андрей Гончаров қатарлы спортшылар мерзімінен бұрын жеңіске үшін әрқайсысы бес мың доллардан сыйақы алады.

ACA 115 турнирінің үздік сәттері. Видео

Евгений Егембердиев ACA 115-те Люк Барнатты нокаутқа түсірді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или