ФИФА «Жылдың үздік ойыншысы» атағына үміткер үш футболшыны атады

ФИФА «Жылдың үздік ойыншысы» атағына үміткер үш футболшыны атады

Халықаралық футбол ассоциациясы (ФИФА) 2020 жылдың үздік футболшысына арналған марапатқа үміткер үш ойыншының есімін жария етті, деп хабарлайды Prosports.kz

Беделі зор атаққа «Барселона» капитаны Лионель Месси, «Ювентус» форварды Криштиану Роналду және «Бавария» шабуылшысы Роберт Левандовски таласады.

 The Best сыйлығын табыстау рәсімі 17 желтоқсанда өтеді. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты аталған іс-шара онлайн форматта өтеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или