Қысқы

Швед шаңғышысы өзі қатысқан жарысқа бәс тіккені үшін жазаланды

Швед шаңғышысы өзі қатысқан жарысқа бәс тіккені үшін жазаланды
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық шаңғы федерациясы (FIS) швед шаңғышысы Макс Новакты өзі қатысқан жарысқа жарысқа ақша тіккені үшін бір айға дисквалификациялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ережеге сәйкес, спортшылар өздері қатысатын жарысқа бәс тіге алмайды. Новак сонымен қатар Бруксвалларендегі маусым басында Уильям Пороманың жеңісі үшін ақша салған. Сол марафонда Новак жеңіске жетсе, Порома екінші болып келді.

«Бұл шаңғышылар, федерацияның ішіндегі және оның сыртындағы көшбасшылар мен спортшылар арасында өте кең таралған. Сондықтан мен қателескенімді білмей ойнадым. Өзің қатысқан жарысқа ақша тігуге болады деп естігенмін», - деді Новак.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер