Зайнутдинов: Франция - көшбасшы, бірақ біз ел намысы үшін тырысамыз

Зайнутдинов: Франция - көшбасшы, бірақ біз ел намысы үшін тырысамыз

Қазақстандық жартылай қорғаушы Бактиер Зайнутдинов 2022 жылғы Әлем кубогының іріктеу турниріне жеребе тарту нәтижелерін бағалады, деп хабарлайды Prosports.kz ЦСКА клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Франция - көшбасшы. Біздің тобымыз - қиын топ, бірақ біз ел намысы үшін күресеміз», - деді Зайнутдинов Еуропа лигасының соңғы турында Мәскеудің ЦСКА мен Загребтің «Динамосы» арасындағы ойын қарсаңындағы баспасөз мәслихаты кезінде.

Еске сала кетейік, 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу нәтижелері бойынша Қазақстан құрамасы Франция, Украина, Финляндия және Босния мен Герцеговина құрамаларымен бірге D тобына енді.

2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде қазақстандық футболшылар 28 наурызда жаһанның қазіргі чемпиондары Франция құрамасын қабылдайды.

Фото: Pfc-cska.com 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или