Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан командалар анықталды

Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан командалар анықталды

Желтоқсанның 9-нан 10-на қараған түні Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аяқталды, нәтижесінде Еуропаның басты клубтық кубогы үшін күресті жалғастыратын 16 команда плей-офф кезеңіне шықты деп хабарлайды Prosports.kz.

1/8 финалы жеребесінің бірінші себетіне топ жеңімпаздары түсті: «Бавария»  (Германия), «Реал Мадрид» (Испания), «Манчестер Сити» (Англия), «Ливерпуль» (Англия), «Челси» (Лондон, Англия), «Боруссия» (Дортмунд, Германия) және «Пари Сен-Жермен» (Франция).

Екінші себетке өз топтарында екінші орын алған командалар кіреді: «Атлетико» (Мадрид, Испания), «Боруссия» (Мёнхенгладбах, Германия), «Порту» (Португалия), «Аталанта» (Бергамо, Италия), «Севилья» (Испания), «Лацио» (Рим, Италия), «Барселона» (Испания) және «РБ Лейпциг» (Германия).

1/8 финалының жеребесі 14 желтоқсанда Швейцарияның Ньон қаласындағы УЕФА-ның штаб-пәтерінде өтеді. Плей-офтағы бірінші кезеңінің алғашқы кездесулері 16-17 және  23-24 ақпанда, қарымта матчтар 9-10 және 16-17 ақпанда өтеді.

Фото: Uefa.com

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или