Жалғас Жұмағұлов АҚШ-қа жұмыс визасын алды
Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов АҚШ-қа жұмыс визасын алды. Бұл туралы спортшының өзі Instagram-парақшасында хабарлады.
Жалғас Жұмағұлов 28 қарашада өтетін UFC on ESPN 18 турнирінде швециялық Амир Альбазиге қарсы жұдырықтасуы қажет еді. Алайда оның жекпе-жегі UFC 257 турниріне ауыстырылды.
Аталмыш кештің басты жекпе-жегінде Конор Макгрегор мен Дастин Порье жұдырықтасады. Турнир 23 қаңтарға жоспарланған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или