UEFA ПСЖ - «Истанбул» матчындағы нәсілдік жанжалға қатысты мәлімдеме жасады
UEFA Чемпиондар лигасындағы «Пари Сен-Жермен» — «Истанбул Башакшехир» матчында орын алған жанжалға қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«УЕФА Чемпиондар лигасының бүгінгі «Пари Сен-Жермен» — «Истанбул Башакшехир» матчы кезіндегі оқиғадан хабардар. Біз мұқият тергеу жүргіземіз. Футболда нәсілшілдік пен кемсітушіліктің барлық түрлеріне орын жоқ», - деп жазылған UEFA твиттеріндегі парақшада.
Еске салайық, оқиға Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің алтыншы турындағы матчта болған. Төртінші төреші Себастьян Колцеску бас бапкердің көмекшісі Пьер Вебоны «қара» деп атаған. Бұл Вебоға және «Истанбулдың» шабуылшысы Демба Баға ұнамады.
Кейінірек ойыншылар алаңға оралудан бас тартты, ал матч ертең, 9 желтоқсанда Нұр-Сұлтан уақытымен 23.55-те қайта өтеді.