Қазақстандық клуб қарызға белшесінен батты

Қазақстандық клуб қарызға белшесінен батты

Көкшетаулық «Оқжетпестің» ойыншылар мен жаттықтырушылар алдындағы қарызы көп. Бұл туралы Meta-ratings.kz хабарлайды, деп жазады Prosports.kz.

Дереккөздің хабарлауынша, клуб басшылығы соңғы бірнеше айда футболшылар мен жаттықтырушылар құрамы алдындағы қарызды әлі жаппаған. Сонымен қатар, командаға сыйақы да берілуі керек, олар да төленбеген. Клуб облыстан қосымша қаржы күтіп отыр-мыс. Қарыздарды төлеудің соңғы мерзімі - 2021 жылдың 31 қаңтары. Демалыс алдында ойыншылар мен жаттықтырушыларға тиісті кепілдік хаттар берілді.

Еске сала кетейік, маусым аяғында «Оқжетпес» Қазақстан чемпионатында соңғы, 11-орынды иеленіп, жоғарғы дивизионнан шығып қалды. Алайда, егер чемпионат 14 командаға дейін қатысуға рұқсат берілсе, онда клуб премьер-лигада қала бермек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или