«Барселона» қорғаушы мен шабуылшы сатып алмақ
«Барселонаның» бас бапкері Рональд Куман биыл қыста командаға бірнеше жаңа ойыншыны қосуды көздеп отыр. Бұл туралы Diario Sport басылымы хабарлады.
Куман командаға орталық қорғаушы мен шабуылдың кез келген позициясында ойнай алатын әмбебап форвард іздестіріп жатыр. Ол клубтағы қаржы қиындығына қарамастан жаңа ойыншыларды алуды көздеп отыр.
Қазір қорғаушы Жерар Пике мен вингер Усман Дембеле жарақатына байланысты командаға көмектесе алмайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или