Қысқы

Финляндияда биатлоннан әлем кубогының екінші кезеңі өтіп жатыр

Финляндияда биатлоннан әлем кубогының екінші кезеңі өтіп жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Финляндияның Контиолахти қаласында биатлоннан әлем кубогының екінші кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Әйелдер бәсекесінің соңғы жарыс күнінде командалық эстафетадан жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Елизавета Бельченко, Дарья Климина, Алина Коломиец және Анастасия Кондратьевадан құралған Қазақстан командасы 19-орынға жайғасты. Бірінші орында Швеция, екінші орында Франция, үшінші орында Германия құрамалары. Бүгін ерлер арасындағы эстафета жеңімпаздары белгілі болады. Қазақстан сапында Данил Билецкий, Александр Мухин, Дастан Делдеш пен Сергей Сирик сынға түседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер