Меркельдің командасы тағы ұпай жоғалтты
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Александр Меркель ойнайтын сауд арабиялық «Аль-Файсали» чемпионатта тағы жеңе алмады.
Меркель командасы өз алаңында «Аль-Айнмен» тең ойнады - 1:1. 35-минутта Рафаэль алаң иелерін есептк алға шығарды, бірақ 54-минутта Мутари Амада есепті теңестірді.
Меркельдің өзі негізгі құрамда шығып, 62-минутта сары қағаз алып, 64-минутта ауыстырылды.
10 ұпаймен «Аль-Файсали» Сауд Арабиясы біріншілігінің турнир кестесінде алтыншы орында. Клуб төрт матчты қатарынан жеңе алмайды - үш тең ойын және бір жеңіліс.
Александр Меркель «Аль-Файсали» сапында 6 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или