«Барыс» - «Витязь» матчының тікелей трансляциясы

«Барыс» - «Витязь» матчының тікелей трансляциясы

Бүгін, 6 желтоқсанда «Барыс» ҚХЛ-дің тұрақты чемпионаты аясында Подольскінің «Витязь» командасын қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тұрақты чемпионаттың 29 матчына қатысқан қазақстандық ұжым 31 ұпай жинады. Ол Шығыс конференциясының турнир кестесінде тоғызыншы орында. Соңғы үш кездесуде «Барыс» жеңіске жетті. Михайлис шәкірттері өз алаңында «Спартакты» (2:1), «Сочиді» (2:0) және «Локомотивті» (3:1) жеңді.

Подольск қаласының хоккей клубы Батыс конференциясының турнир кестесінде тоғызыншы орынға көтерілді. Тұрақты маусымда ойнаған 32 ойында 32 ұпай алды. Соңғы матчта «батырлар» «Торпедодан» ұтылды (2:3).

«Барыс» - «Витязь» матчы Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де басталады. Тікелей эфир Qazsport телеарнасында қол жетімді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или