Қысқы

Алдабергенова: Бәрі сәтті болса, медаль алатын мүмкіндік бар

Алдабергенова: Бәрі сәтті болса, медаль алатын мүмкіндік бар
news-banner7
mobile-news-top

4-6 желтоқсан күндері Финляндияның Рука қаласында шаңғы акробатикасынан әлем кубогының биылғы маусымдағы алғашқы кезеңі өтеді. Алайда, қазақстандық спортшылар аталған сыннан сырт қалмақшы. Мұның себебін команда үздігі Жанбота Алдабергенова түсіндірді.

«Биыл Қытайда өтеді деп жоспарланған әлем чемпионатына дайындықты күшейту үшін бапкерлер әлем кубогының алғашқы кезеңіне қатыспауды жөн көрді. Ал жалпы алғанда, қазіргі әлеуетіміз жаман емес.

Шаңғы акробатикасынан Қазақстан командасы 1 қазаннан бері Минскіде оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Мұнда біз суға секіріп жаттығудамыз.

Тағы бір айта кетерлігі, бұрын-соңды біз пайдаланып көрмеген трипл-трамплин арқылы дайындық жүргізудеміз. Бұл өте пайдалы әрі нәтижелі болары сөзсіз. Егер жақсы секіріп, құламайтын болсақ, алдағы жарыстарда үздіктер тұғырынан көрінетін мүмкіндік бар», - дейді Жанбота.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер