Алдабергенова: Бәрі сәтті болса, медаль алатын мүмкіндік бар

Алдабергенова: Бәрі сәтті болса, медаль алатын мүмкіндік бар

<span>4-6 желтоқсан күндері Финляндияның Рука қаласында шаңғы акробатикасынан әлем кубогінің биылғы маусымдағы алғашқы кезеңі өтеді. Алайда, қазақстандық спортшылар аталған сыннан сырт қалмақшы. Мұның себебін команда үздігі Жанбота Алдабергенова түсіндірді.  </span>

<span>«Биыл Қытайда өтеді деп жоспарланған әлем чемпионатына дайындықты күшейту үшін бапкерлер әлем кубогының алғашқы кезеңіне қатыспауды жөн көрді. Ал жалпы алғанда, қазіргі әлеуетіміз жаман емес. </span>

<span>Шаңғы акробатикасынан Қазақстан командасы 1 қазаннан бері Минскіде оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Мұнда біз суға секіріп жаттығудамыз. </span>

<span>Тағы бір айта кетерлігі, бұрын-соңды біз пайдаланып көрмеген трипл-трамплин арқылы дайындық жүргізудеміз. Бұл өте пайдалы әрі нәтижелі болары сөзсіз. Егер жақсы секіріп, құламайтын болсақ, алдағы жарыстарда үздіктер тұғырынан көрінетін мүмкіндік бар», - дейді Жанбота. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или