Әлем футболы

Марадона қайтыс болар алдында қандай жарақат алды

Марадона қайтыс болар алдында қандай жарақат алды
news-banner7
mobile-news-top

Аңызға айналған футболшы Диего Марадонаның бұрынғы әйелінің серігі Марио Бодри аргентиналықтың қайтыс болардан бұрын алған жарақаты туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның айтуынша, қайғылы оқиғадан бір апта бұрын 1986 жылғы әлем чемпионы төсектен құлап бара жатып басын қабырғаға соққан.

Бодри бұл оқиғадан кейін Марадонаның қосымша тексерістен өтпегенін баса айтты.

Еске сала кетелік, қараша айының басында 60 жастағы спортшыға субдуральды гематоманы жою операциясы жасалды. Ол өткен сәрсенбіде созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің өршуінен туындаған жедел өкпе ісінуінен қайтыс болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер