Қайрат Ахметовтың ONE Big Bang турниріндегі жекпе-жегі кейінге қалды

Қайрат Ахметовтың ONE Big Bang турниріндегі жекпе-жегі кейінге қалды

Arlan MMA Pro Team намысын қорғайтын қазақстандық файтер Қайрат Ахметов (23-2) 4 желтоқсанда өтетін ONE Big Bang турнирінде өнер көрсете алмайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Prosports.kz-ке берген сұхбатында ONE промоутерлік қызметінің жетекшісі Тамми Чанг бұрынғы ONE чемпионы Қайрат Ахметовтің Дэнни Кингадқа қарсы жекпе-жегінің өтпейтінін айтты. Себебі, Кинадтың спарринг-серіктестерінің бірі COVID-19-мен ауырып қалды, сондықтан команда карантинге кетті. Қазіргі уақытта 4 желтоқсанда өтуі керек болған айқас кейінге қалды. Промоушен мәлімдегендей, бұл жекпе-жек ағымдағы жылдың желтоқсанында өтуі мүмкін немесе келесі жылдың басына ауыстырылады.

33 жастағы Қайрат Ахметов соңғы рет октогонға өткен жылдың наурыз айында шықты. Биылғы жылдың қазан айында файтер 65 келіге дейінгі салмақта грэпплингтен Арлан Гран-приін жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или