АПЛ: «Манчестер Юнайтед» рекорд жаңартты

АПЛ: «Манчестер Юнайтед» рекорд жаңартты

Англия Премьер-лигасының 10-туры аясында «Манчестер Юнайтед» сырт алаңда «Саутгемптонды» 3:2 есебімен жеңді, деп жазады Prosports.kz.

Осы ойында «Манчестер Юнайтед» Англия премьер-лигасындағы статистикалық рекордтардың бірін жаңартты.

Осы жеңістен кейін МЮ АПЛ-де сырт алаңдағы ойындарында қатарынан төрт жеңіске жеткен алғашқы команда атанып отыр. Олар бұған дейін «Брайтон» (3:2), «Ньюкасл» (4:1) және «Эвертонды» (3:1) жеңген болатын. 

Айта кетейік, МЮ биылғы маусымда 9 матчта 16 ұпай жинап, турнирлік кестеде 8-орында тұр. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или