Қысқы

Мәнерлеп сырғанаудан 2021 жылғы әлем чемпионаты көрерменсіз өтуі мүмкін

Мәнерлеп сырғанаудан 2021 жылғы әлем чемпионаты көрерменсіз өтуі мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Мәнерлеп сырғанаудан 2021 жылғы Стокгольмдегі әлем чемпионаты көрерменсіз өтуі мүмкін. Ұйымдастырушылар пандемияға байланысты осындай жоспар құруда деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

«Қазіргі таңда біз ISU-мен тығыз жұмыс істеп, қауіпсіздік шараларын талқылап жатырмыз. ISU Гран-при кезеңдерін өткізіп жатыр. Оның үстіне, әлем чемпионатынан бұрын Загребте Еуропа біріншілігі ұйымдастырылады. Сондықтан, бізге доданы өткізер кезде біраз көмек болары анық. Біз көрермендерді кіргізбеу туралы жоспарды да ойластырудамыз», - дейді әлем біріншілігін ұйымдастырушылар.

Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты 2021 жылдың 22-28 наурызына жоспарланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер