Әлем чемпионаты: Қазақстан іріктеуде бесінші себетке түсті
Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2022 жылы Катарда өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі командаларды бес себетке бөлді, деп жазады Prosports.kz сайты.
Рейтингте 122 орында тұрған Қазақстан құрамасы бесінші себетке түскен. Біздің құрама қарсыластарын 7 желтоқсан күні біледі. Жеребе нәтижесі бойынша командалар бес не алтыдан бөлініп, он топ құрылады.
Жеребе тарту кезінде себеттер мына құрамда болады:
Бірінші: Бельгия, Франция, Англия, Португалия, Испания, Италия, Хорватия, Дания, Германия, Нидерланды;
Екінші: Швейцария, Уэльс, Польша, Швеция, Австрия, Украина, Сербия, Түркия, Словакия, Румыния;
Үшінші: Ресей, Венгрия, Ирландия, Чехия, Норвегия, Солтүстік Ирландия, Исландия, Шотландия, Греция, Финляндия;
Төртінші: Босния және Герцеговина, Словения, Черногория, Солтүстік Македония, Албания, Болгария, Израиль, Белоруссия, Грузия, Люксембург;
Бесінші: Армения, Кипр, Фарерские острова, Әзірбайжан, Эстония, Косово, Қазақстан, Литва, Латвия, Андорра;
Алтыншы: Мальта, Молдавия, Лихтенштейн, Гибралтар, Сан-Марино.