Ахметов, Егембердиев. Желтоқсанда кімдер октагонға шығады

Ахметов, Егембердиев. Желтоқсанда кімдер октагонға шығады

Желтоқсан айында қазақстандық файтерлердің қатысуымен бірнеше маңызды жекпе-жек кеші өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Arlan Grip Гран-приі

Бірнеше аптадан кейін қазақстандық спортшылардың қатысуымен Грэпплингтің үшінші рет Arlan Grip Гран-приі өтеді. Бірінші турнир осы жылдың тамыз айында 70 келіге дейінгі салмақта өтті. Гран-при жарысына 8 файтер қатысып, Мұратбек Қасымбай финалда Қайрат Ахметовты жеңді.

Екінші Гран-при қазан айының соңында 65 келіге дейінгі салмақта өтті. Бұл жолы үздіктер атағын Қайрат Ахметов жеңіп алды, ол финалда Диас Еренғайыповтан басым болды.

Алдағы Гран-при 83 келіге дейінгі салмақта өтеді және елдегі ең мықты файтерлердің басын қосады. Бұл сынға Артем Резников, Гойти Дазаев, Азамат Бакытов, Имран Тайсултанов, Кирилл Хомицкий және Мурад Абдурахманов қатысады.

4 желтоқсан - ONE Big Bang, Сингапур

Бұрынғы ONE чемпионы Қайрат Ахметов 4 желтоқсанда өтетін ONE Big Bang турнирінде өнер көрсетеді. Жекпе-жек кеші Сингапурдегі танымал Indoor Stadium аренасында өтеді. Ахметовтің қарсыласы - филиппиндік Дэнни Кингад (14-2).

Ахметов октагонға соңғы рет былтыр наурыз айында шықты. ONE Гран-придің ширек финалында өнер көрсеткен болатын (56 келі). Файтер жартылай финалға жолдама алған, бірақ қолынан алған жарақатына байланысты жарысқа қатыса алмады. Ұзақ қалпына келтіру үдерісінен кейін қазақстандық спортшы сегізбұрышқа қайта оралғалы отыр.

 

4 желтоқсан - GFC 30, Мәскеу

Arlan MMA Pro Team командасының спортшысы Жасұлан Әкімжан (4-2) келесі демалыс күндері сегізбұрышқа шығады. Файтер Мәскеудегі GFC 30 турнирінде өнер көрсетеді. Ресей астанасында Әкімжан Станислав Ермоловпен (4-3) кездеседі.

Қазақстандық файтер өткен жылдың қыркүйегінде грек-рим күресінен Олимпиада жүлдегері Михран Арутюнянды нокаутқа жіберіп, танымал болды. Бірақ келесі жекпе-жекте Жасұлан Алматыдағы GFC 23 турнирінде жеңіліп қалды. Жерлесіміз бір жылдық үзілістен кейін октагонға оралғалы отыр.

Аталған турнирге Arlan MMA Pro Team командасының тағы бір өкілі Санжар Әділов (5-1) те қатысады. Ол өткен жылдың мамыр айынан бастап сегізбұрышқа кірген жоқ. Ұзақ уақыттан кейін Әділов қырғызстандық Марсель Нурланбековпен (6-1) кездеседі.

13 желтоқсан - ACA 115, Мәскеу

13 желтоқсанда Ресей астанасында ACA лигасының кезекті турнирлерінің бірі өтеді. ACA 115 турнирінде қазақстандық спортшы Евгений Егембердиев (Arlan MMA Pro Team) өнер көрсетеді.

35 жастағы отандасымыз қысқа үзілістен кейін сегізбұрышқа оралып отыр. Ол алдағы жекпе-жекте бұрынғы UFC файтері Люк Барнаттпен (15-9) кездеседі. 

Евгений Егембердиев на ACA 105, 5 марта 2020, Алматы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или