Қысқы

Щучинск қаласында шаңғымен жарысудан ел чемпионаты өтеді

Щучинск қаласында шаңғымен жарысудан ел чемпионаты өтеді
news-banner7
mobile-news-top

26-29 қараша күндері Щучинск қаласында шаңғымен жарысудан Қазақстан чемпионатының алғашқы айналымы өтеді. Турнио Халықаралық шаңғымен жарысу федерациясының мұрындық болуымен өтеді деп хабарлайды Olympic.kz.

Команда бас бапкері Александр Батяйкиннің айтуынша, чемпиолнатқа еліміздің тоғыз өңірінен спортшылар қатысады. Сондай-ақ, ұлттық құрама мүшелері де біріншілікте түгел бақ сынайды.

"Пандемияға байланысты біз біраздан бері оқу-жаттығу жиынын өткізе алмаған едік. Түмен қаласында жасанды қарда жаттығамыз деген жоспарымыз да орындалмай қалды. Десе де, 19 қазаннан бастап спортшылар дайындықты бастады. Чемпионатта шаңғы спорты жолға қойылған еліміздегі тоғыз өңірден спортшылар бақ сынайды. Барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды толығымен сақтаймыз. Жарыс көрермендердің қатысуынсыз өтеді және жүз спортшыдан артық жиналуға рұқсат жоқ. Бірінші тур аяқталған соң жаттығу қайтадан жалғасып, жаңа жылға дейін екінші айналымды да ұйымдастырамыз", - дейді бас бапкер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер