Карина Горичева ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионы атанды
Ауыр атлетикадан өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жеңімпаз бен жүлдегерлер белгілі болды.
Алматы облысының өкілі Карина Горичева 225 (105+120) келіні бағындырып, алтыннан алқа тағынды. Екінші орынға 208 (89+119) келі көтерген Аиша Омарова (Қарағанды облысы) тұрақтады. Қола жүлде Шығыс Қазақстан облысының спортшысы Дарья Павловаға бұйырды.
Айта кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстан чемпионаты онлайн форматта өтіп жатыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или