Футбол сарапшысы: «Исламхан тығырыққа тірелді»
БАӘ футболы сарапшысы Мұхаммад Хамад Twitter-парақшасында Қазақстан құрамасының ойыншысы Бауыржан Исламханның жағдайы туралы айтты.
«Исламхан тығырыққа тірелді. «Әл-Әйн» командасы мен Исламхан арасындағы келісімшарт қос тараптың келісімімен жақын уақытта бұзылуы мүмкін. Өйткені футболшыны допинг-тесттің нәтижесіне байланысты ұзақ мерзімді шеттету күтіп тұр», – деп жазды ол.
Айта кетейік, Азия футбол Кондферациясы «Әл-Әйн» ойыншысы Бауыржан Исламханның қанынан допинг табылған соң уақытша спорттан шеттеткен еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или