Мәнерлеп сырғанаудан Гран-при финалы Бейжіңде өткізілмейді

Мәнерлеп сырғанаудан Гран-при финалы Бейжіңде өткізілмейді

Мәнерлеп сырғанаудан 2020/2021 жылғы маусымының Гран При финалы Бейжіңде өтпейтін болды, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

<span>Бұл туралы Халықаралық конькишілер одағының ресми сайтында ресми мәлімденді. Гран При финалы Қытайдың Бейжің қаласына жоспарланған болатын.  Бастапқыда аталған дода 10-13 желтоқсан күндеріне белгіленген еді. Коронавирус пандемиясына байланысты жарыс кейінге қалдырылды. Бүгін ISU 2022 жылғы Олимпиада ойындарына бақылау жарысы есебінде жоспарланған биылғы маусымның Гран При финалын Бейжіңде өткізбейтінін хабарлады. </span><br /><br />

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или