Қуат Хамитов жанармай құюшы болып жұмыс істеп жүр
Әлеуметтік желіде белгілі файтер Қуат «Найман» Хамитовтың ЖҚБ-да жанармай құюшы болып жүргені туралы видео хитке айналды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кадрда арнайы форма киген Хамитов ЖҚБ-ға келген көліктерге жанармай құйып жүр. Ол шынымен спортшы ма, әлде соған ұқсас адам ба, ол жағы белгісіз.
Дегенмен жүргізушілер көліктен түсіп, онымен суретке де түскен.
Соңғы кезде Қуат Хамитовтың жазғаны әлеуметтік желіде көп талқыланып жүр. Ол бірде Борат рөлін сомдаған адамды ұстап, масқаралаған адамға 1 миллион доллар төлеуге дайынмын десе, енді бірде белгілі волейболшы Сабина Алтынбековаға үйленгісі келетінін айтқан
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или