Попко Кэридегі турнирдің жұптық сынында ширек финалда есе жіберді

Попко Кэридегі турнирдің жұптық сынында ширек финалда есе жіберді

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко поляк Петр Поланскимен жұптасып, Кариде (АҚШ) өтіп жатқан Челленджер турнирінің ширек финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан-поляк дуэтінің қарсыластары голландиялық Сем Вербек пен америкалық Хантер Риз болды. Есеп - 6:7, 5:7.

Еске салайық, Попко Челленджердің жекелей сынында жарыстың қожайыны америкалық Митчелл Крюгерді жеңіп, 1/4 финалға шыққан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или