Дамир Исмағұлов қазақстандық командамен келісімшартқа отырды
UFC ұйымында жеңіске жеткен тұңғыш қазақ Дамир Исмағұлов (19-1) қазақстандық Dar Team командасымен келісімшартқа отырды, деп жазады Prosports.kz сайты.
Dar Team командасы танымал спортшымен келісімшартқа отырғанын мәлімдеді:
«Дамир Исмағұлов ресми түрде Dar Team командасының спортшысы атанды. Өздеріңіз білетіндй ол әлемнің үздік лигасы UFC-мен келісімшартқа отырған алғашқы қазақ. Қазір ол жеңіліссіз сериясын жалғастырып келеді», – деп жазды ұйым Instagram-парақшасында.
Айта кетейік, Dar Team бұған дейін қазақстандық спортшылар Асу Алмабаев және Жұман Жұмабековпен келісмшартқа отырған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или