Жалғас Жұмағұлов: Лас жолмен жеңіске жетуді көздемейміз

Жалғас Жұмағұлов: Лас жолмен жеңіске жетуді көздемейміз

Ақтауда өткен NFC 25 турнирінің басты жекпе-жегінде Нұрбек Қабдрахманов қарсыласы Ұлан Тамғабаевты төрешілердің шешімімен жеңді. Алайда кейбір жанкүйерлер мен Ұлан Тамғабаев шешіммен келіспейтінін мәлімдеді. Осы турасында UFC файтері Жалғас Жұмағұлов та пікір білдірді.

«Нұрбек Қабдрахманов бауырымды NFC Qazaqstan белбеуімен құттықтағым келеді. Қазір бұл туралы үлкен дау бар екенін білемін. Менің айтарым, бұл өмірде ештеңе бекер болмайды, тіпті жапырақ та Алланың бұйрығымен құлайды.

Нұрбек, мен сенің бұл белбеуді иелену үшін қанша еңбек еткеніңді білемін және өз көзіммен көрдім, сен бұл белбеуге лайықсың!

Мұндай шешіммен келіспейтіндердің барлығынан бірдеу балағаттаудан, бір-біріңізбен санаспауларыңызды, команда беделінің арқасында белбеу алды деп бізді, төрешілер мен ұйымды сөкпеулеріңізді сұраймын. Командадағы спортшылардың бәрі қарапайым жігіттер. Біз лас жолмен жеңіске жетуді көздемейміз.

Біздің команда Ұлан Тамғабаевтан қарымта жекпе-жек сұрады. Біз NFC Qazaqstan-нан осы реваншты ұйымдастыруды сұраймыз», – деп жазды Жалғас Жұмағұлов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или