ҚХЛ: «Барыс» сырт алаңда «Локомотивтен» ірі есеппен ұтылды
«Барыс» хоккей клубы ҚХЛ аясында сырт алаңда «Локомотивпен» кездесті, деп жазады Prosports.kz.
Бұл ойын 7:2 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.
«Барыс» бұған дейін Ярославль қаласына 10 рет қонаққа барып, барлығында жеңілген. Сол сәтсіз серия бүгін де жалғасты. Елордалықтар сырт алаңда ірі жеңіліске ұшырап отыр.
Осылайша, «Барыстың» үш матчқа жалғасқан жеңісті сериясына нүкте қойылды.
Осы жеңістен кейін «Локомотив» 23 матчта 36 ұпай жинап, Батыс конференциясында 3-орынға жайғасты.
Ал «Барыс» Шығыс конференциясында 7-орында қала береді. Елордалықтар 20 ойында 22 ұпай ғана жинаған.
«Локомотив» Ресей – «Барыс» Қазақстан – 7:2 (3:1, 3:0, 1:1)
1:0 Охтамаа 0:11
2:0 Аверин (Алексеев) 4:04
2:1 Сведберг (Вароне, Фрэттин) 14:42
3:1 Петерссон 18:00
4:1 Петерссон (Марченко, Алексеев) 31:14 ГБ
5:1 Алексеев (Аверин, Кудрявцев) 32:43
6:1 Коршков (Охтамаа) 33:49
7:1 Ткачёв (Рафиков) 44:53
7:2 Хетерингтон (Мусоров) 52:26
Қақпашылар: Паскуале – Карлссон (00:00-33:49), Ортио.