Қысқы

2021 жылғы Универсиаданың өту мерзімі ауыстырылды

2021 жылғы Универсиаданың өту мерзімі ауыстырылды
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық университеттер спорты федерациясы (FISU) коронавирус пандемиясына байланысты Қысқы Универсиаданы 2021 жылдың қаңтарынан желтоқсанына ауыстыруды мақұлдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Біз 2021 жылғы қысқы Универсиаданың пандемияға байланысты кешігуіне қарамастан әлі де өтуі мүмкін екеніне қуаныштымыз.

Барлық мүдделі тараптар арасындағы кеңестен кейін, Универсиаданы 2021 жылы желтоқсанда өткізуге келістік», - деді FISU президенті Олег Матыцин.

«Халықаралық спорт күнтізбесін және бірнеше пікірталас кезеңін талқылағаннан кейін, ұйымдастыру комитеті Универсиаданы 2021 жылдың 11-21 желтоқсан аралығында өтеді деп шешті», - деді FISU бас хатшысы Эрик Сентрон.

Еске сала кетелік, турнир Швейцарияның Люцернінде 21-31 қаңтар аралығында өтуі керек еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер