ISU шорт-трек және конькимен жүгіруден бірнеше жарысты кейінге қалдырды

Халықаралық конькимен жүгіру одағының (ISU) ресми сайтында конькимен жүгіру және шорт-тректен 2021 жылғы Еуропа чемпионаты бұрын жоспарланғаннан бір апта кешіктірілетіні жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.
<span>16-17 қаңтарда Херенвенде (Нидерланд) конькимен жүгіруден Еуропа чемпионаты, 22-24 қаңтарда Гданьскіде (Польша) шорт-тректен Еуропа чемпионаты өтеді. ISU Нидерландта коронавирус пандемиясына байланысты тоқтатылған жылдамдықты коньки спортынан әлем кубогының шараларын өткізуге балама ретінде хаб тұжырымдамасын ұйымдастырудың мүмкіншілігін әзірлеу және бағалау бойынша жұмыс тобын тағайындады. </span>
<span>Сонымен қатар, ISU Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) өтетін шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы 2021 жылғы әлем чемпионатын және Коллалбода (Италия) өтетін конькимен жасөспірімдер арасындағы Әлем Кубогын өтпейтінін мәлімдеді. ISU аясындағы қалған жарыстар жоспарға сәйкес өтуі керек.</span><br /><br />