Асу Алмабаев оқушылармен онлайн кездесуде негізгі жоспары туралы әңгімеледі
Қазақстанның үздік файтерлерінің бірі, M-1 Global тұжырымының (56 кг) уақытша чемпионы Асу Алмабаев Алматы қаласы Алатау ауданына қарасты №114 мектеп оқушыларымен онлайн кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Аталған мектеп директорының Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлзат Тоқталиева ұйымдастырған кездесуде спортшы алдағы жоспарлары туралы әңгімеледі. Ол алдағы уақытта Dana White Show турниріне қатысқысы келетінін айтты. Дегенмен виза алуда туындап отырған қиындық Алмабаевқа қол болмай тұр.
Айта кетелік, Асу Алмабаев - М1 Global тұжырымының уақытша чемпионы, джиу-джитсудан әлем чемпионы және комбат джиу-джитсудан Қазақстан чемпионы.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или