Қысқы

Александр Мухин: Әлем кубогы мен Олимпиадаға жолдаманы көбейту үшін барымызды саламыз

Александр Мухин: Әлем кубогы мен Олимпиадаға жолдаманы көбейту үшін барымызды саламыз
news-banner7
mobile-news-top

Биатлоннан Қазақстан ерлер құрамасының аға жаттықтырушысы Александр Мухин пандемия кезіндегі қазақстандық биатлонның жағдайы туралы айтып берді. Қазақстан биатлоншылар одағының ресми сайтына берген сұхбатында айтуынша, құрама спортшылары спорттық формасын сақтауға барынша тырысқан.

"Пандемияға байланысты биатлон әлемі Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымының ұсынысымен жұмыс жоспарын, кестесін жаңартты. Бұл жағдай бізді де айналып өткен жоқ. Спортшылардың формасына, денсаулықтарына зиян тигізбейтіндей жаттығу жоспарын ойлап табуға тура келді.

Осы тұрғыда барлық спортшылардың жеке жаттықтырушыларының еңбегін айта кеткен жөн. Карантин кезінде спортшылардың спорттық формасын сақтауға көп үлес қосты.

Жоспар бойынша біз жазғы жаттығуды өткіздік. Енді бұдан кейін қысқы маусымға дайындықты бастаймыз. Атап айтқанда, Риддердегі алғашқы қарда жаттығу жиынына кірісеміз. Кейін Щучинск қаласында барып, жаттығуымызды жалғастырамыз. Әрі құраманы әлем кубогіне іріктейтін боламыз. Қысқы жарыс маусымында командаға тқойылған өз міндеттері бар. Ол - Әлем кубогі мен Олимпиада ойындарына жолдаманы көбейту. Осы мақсатты орындау үшін барымызды салатын боламыз", - дейді аға жаттықтырушы Александр Мухин

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер