ММА

Умар Нурмагомедов коронавирустан жазылып, БАӘ-ден Ресейге оралды

Умар Нурмагомедов коронавирустан жазылып, БАӘ-ден Ресейге оралды
news-banner7
mobile-news-top

Аралас жекпе-жектен ресейлік файтер, жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың немере інісі Умар Нурмагомедов сауығып, БАӘ-ден Ресейге оралды. Бұл туралы спортшының командасы хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz «Чемпионатқа» сілтеме жасап.

«Омар сауығып, Ресейге оралды. Ол енді тағы да UFC-дегі алғашқы кездесуін күтеді», - деп келтіреді ТАСС.

Еске салайық, кіші Нурмагомедов 18 қазанда Дубайда ауруханаға түскен. Осыған байланысты, оның 24 қазанда жоспарланған UFC дебюті өтпей қалды.

24 жастағы Умар Нурмагомедов аралас жекпе-жекте 2016 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ол өзінің соңғы жекпе-жегін 2019 жылдың қараша айында өткізіп, Брайан Гонсалесті жеңді. Оның 12 кәсіби ММА жекпе-жегі бар, 12 жеңіске жеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер