Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты Алматыда өтуі мүмкін

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты Алматыда өтуі мүмкін

Қазақстанның коньки тебушілер федерациясы мәнерлеп сырғанау, шорт-трек және конькимен жарысудан Қазақстан чемпионаты өтуі мүмкін мерзімдерді атады. Бұл туралы ұйымның ресми сайтында хабарланған. 

<span> Мәнерлеп сырғанаудан ел біріншілігі 2020 жылдың 16-20 желтоқсаны аралығында Алматыда өтеді деп жоспарлануда. Жарыс ережесіне сәйкес, турнирге көрермендер қатыспайды.  </span>

<span>Қазақстан Республикасы Бас санитар дәрігері бекіткен қаулы бойынша, барлық санитарлық талаптар сақталады.  </span>

<span>Сондай-ақ, конькимен жүгіруден спринтерлік көпсайыс 16-17 қарашаға, классикалық көпсайыс 23-24 қарашаға, жекелеген дистанциялар 14-17 желтоқсанға жоспарлануда.  </span>

<span>Әзірге, турнирдің нақты өту-өтпеуі белгісіз. Елдегі ахуалға байланысты өзгерістер болуы мүмкін. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или