KOK K-1 Гран-приінің қатысушылары ресми салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті
Алматыда кикбоксингтен КОК Гран-приіне қатысушылардың ресми салмақ өлшеу рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
25 қазанда Алматыда өтетін Гран-при турниріне сегіз спортшы қатысады.
Гран-придің алғашқы жұбында қазақстандық Нұртаза Жұмаханов (7-1) қырғызстандық Аброр Хакимовпен (6-0) жұдырықтасады. Кештің екінші жекпе-жегінде Ахмет Асқаров өзбекстандық Бобиржон Тагаевпен (53-6-10) кездеседі.
Гран-придің үшінші кездесуінде қазақстандық кикбоксшы Айдос Айнарбеков (9-1) өзбекстандық Санжар Саидмуродовпен (10-3) жұдырықтасады. 1/8 финалдың төртінші және соңғы жұбында Иван Добрынин К-1 дебютін Жәнібек Қанатбаевқа қарсы өткізеді (3-0).
<span>Bushido</span> жекпе-жек кешінің басты оқиғасы Bushido Qazaqstan Bantamweight Grand Prix (61,2 кг) болады, оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен 16 спортшы қатысатын болады.
Еске салайық, Bushido Qazaqstan жекпе-жек кешінің серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі.