«Барыс» – «Ак Барс» матчының тікелей трансляциясы
23 қазанда «Барыс» хоккей клубы ҚХЛ аясында өз алаңында Қазанның «Ак Барс» командасымен кездеседі, деп жазады Prosports.kz.
Елордалық команда осының алдындағы сырт алаңдағы ойындар сериясында үш қарсыласын жеңді. Соның бірі дәл бүгінгі қарсыласы «Ак Барс» болатын. Осыдан тура бір апта бұрын Қазанда өткен ойында «Барыс» Роман Старченко соққан шайбаның арқасында жеңіске жеткен.
Бірақ Юрий Михайлис шәкірттері жеңісті сериясын жалғастыра алмады. Өз алаңында Финляндияның «Йокерит» командасынан 4:5 есебімен ұтылып қалды.
Бір қызығы осы ойында «Барыс» әу баста 4:0 есебімен жеңіп жатқан болатын. Бірақ күтпеген жерден осы жеңісті уыстан шығарып алды.
«Барыс» – «Ак Барс» матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 19:20-да басталады. Ойынды мына сілтеме арқылы көруге болады.