«Барыс» «Йокериттен» жеңіліс тапты
«Барыс» хоккей клубы ҚХЛ тұрақты чемпионатында өз алаңында «Йокеритті» қабылдап, овертаймда 4:5 есебімен жеңіліп қалды, деп жазады Prosports.kz.
Бір қызығы, елордалықтар қонақтарды матч барысында 4:0 есебімен жеңіп жатқан еді. Финляндиялық клуб төрт шайба айырмасын қысқартып қана қоймай, жеңіске жетті.
«Барыс» (Нұр-Сұлтан) – «Йокерит» (Хельсинки) - 4:5 ОТ (0:0, 2:0, 2:4, 0:1)
1:0 - Петухов (Әсетов, Гурков) - 24:41
2:0 - Шестаков (Метальников, Лилья) - 36:27
3:0 - Лилья (Волк) - 41:10
4:0 - Виделль (Әсетов) - 43:14
4:1 - Регин (О'Нилл) - 45:42
4:2 - Кивисте (Толванен) - 52:02
4:3 - Регин (О'Нилл, Лёв) - 53:30
4:4 - Лехтонен (Шредер, О'Нилл) - 58:50
4:5 - Скленичка (О'Нилл) - 62:12
Қақпашылар: Ортио - Калниньш
«Барыс» келесі ойынын 23 қазан күні қазандық «Ак Барсқа» қарсы өткізеді.