Қысқы

Мәнерлеп сырғанаудан Франциядағы Гран-при кезеңі індетке байланысты өтпейді

Мәнерлеп сырғанаудан Франциядағы Гран-при кезеңі індетке байланысты өтпейді

Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы (ISU) мәнерлеп сырғанаудан Франциядағы Гран-при кезеңінің өтпейтінін мәлімдеді. 

Әлемдік турнир 13-15 қараша күндері Гренобль қаласында өтуі тиіс болатын. Франциядағы эпидемиологиялық жағдай қиындаған соң, ұйымдастырушылар осындай шешім қабылдаған. 

Айта кетелік, 14 қазан күні Франция президенті елдегі көптеген қалаларға коменданттық сағат енгізді. Олардың қатарында Гренобль қаласы да бар. 

«ISU Гренобльдегі Гран-при кезеңінің өтпейтінін өкінішпен хабарлайды және осы жағдайда түсіністік таныстқан француз тарапына алғыс білдіреді», - делінген ресми хабарламада. 

Түпнұсқасы: olympic.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0