Анна Яковлева: Регбишілер жаңа жыл қарсаңында жаттығуға кіріседі

<span>Регби-7 спортынан Қазақстан әйелдер командасының бас бапкері Анна Яковлева ұлттық құраманың алдағы жаттығу жиынына қатысты пікірімен бөлісті. </span>
<span> «Регбиден Қазақстан командасының оқу-жаттығу жиыны 10-25 желтоқсан күндері Шымкент қаласында өтеді. Негізі, біз командамен бірге Түркияда жаттығуды жоспарлағанбыз. Аталған елде дайындыққа жақсы жағдай жасалады, климаты да спортшылар үшін ыңғайлы болған. </span>
<span>Бірақ ел ішінде індеттің өсу қаупі жоғары болғандықтан, шетелге шығуға мүмкіндік жоқ. Біз бұл шешімге түсіністікпен қараймыз. Шымкенттегі жаттығу жиынында спортшылар жалпы физикалық дайындықпен қатар, арнайы матчтарға да көңіл бөледі. </span>
<span>Ең бастысы – сол уақытта Шымқалада қар болмайды деп үміттенеміз», - дейді бас бапкер. </span>