Умар Нурмагомедов ауруханаға түсті! Морозов - Нурмагомедов жекпе-жегі өтпейді

Умар Нурмагомедов ауруханаға түсті! Морозов - Нурмагомедов жекпе-жегі өтпейді

Спорт журналисі Игорь Лазорин инстаграм-парақшасында Умар Нурмагомедов пен Сергей Морозов арасындағы жекпе-жектің өтпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Маған жеткен ақпарат бойынша, Умар Нурмагомедов Дубайда ауруханаға жатқызылды. Морозовпен жекпе-жек өтпейді!

Омарға денсаулық тілеймін. Ол қатты тұмауратып қалған және ыстығы көтеріліп, әрі құсып, Дубайдағы ауруханаға түсті », - деп жазды Лазорин.

Сәл кейінірек ақпаратты Нурмагомедов командасының өкілдері растады.

«Умар Нурмагомедов Дубайдағы ауруханада ауыр тұмаумен, температурамен  ауруханаға жатқызылды», - деді файтердің команда мүшелері тобы ТАСС-қа.

Еске салайық, қазақстандық файтер Сергей Морозов UFC-дегі дебютін 24 қазанда өтетін UFC 254 турнирінде өткізуі керек еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или